Accessibility links

Алматыда ұсталған ресейлік анархист 12 айға қамалды


Полиция бөлімшесі.
Полиция бөлімшесі.

Алматыда ресейлік анархист Денис Козак 12 айға қамалды. Бұл жөнінде 15 наурызда құқық қорғаушылар мен Sota телеграм-арнасы хабарлады.

12 ақпанда Денис Козак 40 күнге қамалған. 9 ақпанда Қазақстан полициясы оны Ресейдің сұрауымен Алматыда ұстаған. Ақпаратқа қарағанда, оған Ресейде "терроризмді ақтау" бабы бойынша айып тағылып, іздеу жарияланған.

Sota-ның жазуынша, оны Қазақстан билігі қылмыстық іс бойынша Ресейге депортациялауы мүмкін. Дегенмен ресми Астана оның босқын мәртебесін алу туралы өтінішін де қарап жатыр. Қазақстан Қылмыстық кодексінде "терроризмді ақтау" бабы жоқ, сол себепті әдеттегі экстрадиция процедурасымен оны билік Ресейге тапсыра алмайды.

Козак 2018 жылы Ресей Федерациясы қауіпсіздік қызметінің Архангельскідегі ғимараты алдында өзін-өзі жарып жіберген студент Михаил Жлобицкий туралы әлеуметтік желіде пост жазған. Осыдан соң оның үстінен "терроризмді ақтау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тінту жүргізілген. Козактың өзі ақпарат құралдарына "жазбасында Жлобицкийдің әрекетін ақтамағанын" айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG