Accessibility links

Қазақстан Ресейге депортациялаған ФСО майоры Жилин 6,5 жылға сотталды. Ол соғыстан қашқан еді


Ресейдің Федерациялық күзет қызметінің майоры Михаил Жилин мен әйелі Екатерина Жилина.
Ресейдің Федерациялық күзет қызметінің майоры Михаил Жилин мен әйелі Екатерина Жилина.

Барнауыл гарнизонының әскери соты Федерациялық күзет қызметінің (ФСО) майоры Михаил Жилинді "әскери қызметтен қашты", "шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айыппен 6,5 жылға соттады. Жилин жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге тиіс және бүкіл әскери атағынан айырылды. Бұл туралы "Медуза" сайты сотқа сілтеме жасап хабарлады.

Соттың баспасөз қызметі үкім заңды күшіне енген жоқ деп мәлімдеген.

36 жастағы Жилин бұған дейін Ресейдің Федерациялық күзет қызметінің Сібір федерациялық округінде жұмыс істеп, президент Владимир Путиннің аймақпен байланысына жауап берген.

21 қыркүйекте Путин елде мобилизация жариялағанда, Жилин отбасымен Ресейден қашқан. Ол Ресейден кетуге шектеу болғандықтан, Қазақстанға шекараны бұзып өткен. 26 қыркүйекте оны Абай облысының шекарашылары ұстады. 6 желтоқсанда Жилин Арменияға ұша алмаған. Ресей Михаил Жилинге "шекараны заңсыз кесіп өтті", "әскери қызметтен қашты" деп халықаралық іздеу жариялаған. Ал желтоқсанның аяғында Қазақстан Жилинді Ресейге экстрадициялады.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Астана Жилинді "қысымға тап болғандықтан" Ресейге берді деп есептейді.

Қазақстан ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қыркүйекте Мәскеу мобилизациядан қашқан ресейліктерге халықаралық іздеу жарияласа, Қазақстан оларды еліне экстрадициялайтынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG