Accessibility links

Жанармай бағасын өсіру жөнінде шешім қабылдағаннан кейін мұнай базалары тексерілмек


Қазақстанда жанармай тапшылығы туындамас үшін аймақтарда мұнай базалары тексерілмек. Бұл туралы энергетика министрлігі хабарлады.

"Ел бойынша дизель майының жалпы қоры – 308,56 тонна. Бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қордан 59 мың тоннаға көп. Сонымен бірге аймақтардағы бірқатар май құю станцияларында дизель майын сатуға шектеулер болып жатыр" деп жазылған мәлімдемеде.

3 сәуірде энергетика министрлігі бензиннің жоғарғы бағасын 11 пайыз, дизель майын 20 пайыз көтеруге шешім қабылдаған. Ведомство жанармай тапшылығы туындамау үшін осындай шешім шығарылғанын айтқан. Министрліктің айтуынша, тапшылыққа көрші елдерге көлеңкедегі жолмен жанармай экспорттау себеп болып отыр.

4 сәуірде энергетика министрлігі "газ бағасының төмен болуы оны бейберекет жұмсауға алып келетінін" жеткізіп, Алматыда және бірнеше аймақта автогазды қымбаттату жоспарын жариялаған.

Наурызда Алматыда кейбір жанармай станциясы дизельді талонмен сатып жатқаны туралы ақпарат шыққан. Сол кезде елде көлік отыны қымбаттайтыны айтыла бастаған. Билік ол кезде ақпаратты терістеген еді.

Видео: Дизель тапшылығы Алматыға жетті (6 сәуір 2023 жыл).

Дизель тапшылығы Алматыға жетті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG