Accessibility links

Ресейде прокурор оппозициялық саясаткер Владимир Кара-Мурзаға 25 жыл жаза сұрады


Владимир Кара-Мурза.
Владимир Кара-Мурза.

Ресейде прокурор оппозициялық саясаткер Владимир Кара-Мурзаға 25 жылға қатал режимдегі түрмеде бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады. Бұл туралы ресейлік Sota басылымы адвокат Мария Эйсмонтке сілтеме жасап хабарлады.

Кара-Мурза "Ресей армиясы туралы жалған ақпарат" таратты, "жағымсыз ұйымдардың" ісіне араласты және мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталып жатыр.

Тергеудің болжамынша, ол НАТО-ға мүше елдердің біріндегі ұйымдарға Ресей қауіпсіздігіне қарсы бағытталған көмек беріп, сол үшін олардан ай сайын 30 мың доллар алып тұрған.

Саясаткер 2022 жылы қамауға алынып, оған қарсы "Ресей армиясы туралы жалған ақпарат тарату" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған оның АҚШ-тың Аризона штатындағы заң шығарушылардың алдында орыс билігін және Украинадағы соғысты сынаған сөздері себеп болған.

XS
SM
MD
LG