Accessibility links

New York Times: Әлеуметтік желіде құпия құжаттардың тағы бір бөлігі пайда болды


Пентагон ғимараты.
Пентагон ғимараты.

Әлеуметтік желіде АҚШ-тың Украинаға, Таяу Шығысқа және Қытайға қатысты құпия құжаттарының тағы бір бөлігі пайда болды. Бұл жөнінде New York Times басылымы жазды.

Барлығы жүздеген құжат жарияланған болуы мүмкін, арасында қызу шайқас жүріп жатқан Бахмуттың әскери картасы, Қытай, Үнді-Тынық әскери театры, Таяу Шығыс пен терроризмге қатысты құпия брифингілердің слайдтары бар. Слайдтардың бірінде "23 ақпан – Secret/NoForn" ("шетелге таратуға болмайды") деп жазылған.

Пентагонның жоғары лауазымды қызметкері Мик Малрой мұны "қауіпсіздік саласындағы едәуір сызат" деп атады. Оның пікірінше, оларды "Украина, АҚШ және НАТО-ның талпыныстарына зиян келтіргісі келгендер" әдейі жариялаған.

АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды қызметкері құпия құжаттардың жариялануын Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания және АҚШ барлау альянсы үшін "масқара жағдай" деп атады.

Бұған дейін New York Times Украинаға дайындалып жатқан көмек пен украин әскерінің қарымта шабуылы туралы құпия құжаттардың алғашқы бөлігі жарияланғанын жазған.

Пентагон оны жариялағандарды іздеп жатыр. Украина президенті кеңсесі бұл мәліметтерді "фотошоп" және "жалған ақпарат" деп атаған. Оқиғаға түсініктеме берген Мәскеу АҚШ пен НАТО-ның Украинадағы соғысқа тікелей және жанама қатысы барына ешқандай күдігі қалмағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG