Accessibility links

Шымкентте төменге қарай өздігінен сырғыған автобус алты адамды қағып, төрт адам қаза болды


Шымкенттегі автобус апаты. 8 сәуір, 2023 жыл.
Шымкенттегі автобус апаты. 8 сәуір, 2023 жыл.

Шымкентте төменге қарай өздігінен қозғалған автобус тротуардағы алты адамды қағып, үш адам оқиға орнында, бір адам ауруханада қайтыс болды. Бұл жөнінде Polisia.kz сайты хабарлады.

"8 сәуірде сағат 18.30 шамасында "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан алты адамды қақты" деп жазылған полицияның хабарламасында.

Соның салдарынан екі әйел мен бір жасөспірім оқиға орнында, кәмелетке толмаған бір қыз ауруханада қайтыс болды. Екі адам ауруханада жатыр.

Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қолмен тежейтін режимде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтаған. Сол кезде автобус төменге қарай қозғалып кетіп, жаяу жүргіншілерді қаққан.

"Көлікті пайдалану қағидаларын бұзу" (345-бап, 4-бөлік) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Автобустың жарамдылығын тексеру үшін техникалық сараптама тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG