Сәуірдің 11-іне қараған түні Камчаткада Шивелич вулканы атылды. "КоммерсантЪ" басылымы тілшісінің хабарына қарағанда, вулканның күлі мен шаңы төңіректегі елді мекендерді басып қалған.
Вулкантану және сейсмология институтының директоры Алексей Озеровтың сөзінше, Шивелуч вулканы бұл жолы ерекше атылған. Қар мен боранға байланысты видеобақылау жүргізу қиын болған. Вулканның күлі мен шаңы 20 шақырым биікке дейін көтеріліп, ұшақтарға өте қауіпті жағдай туғызған.
Шивелуч – Камчатканың солтүстік жағында, ең шетте жатқан вулкан. Шивелучтан Петропавловск-Камчатский қаласына дейін 440 шақырым, Ключи кентіне дейін 47 шақырым. Таудың ұшар басы теңіз деңгейінен 3283 метр биікте, белсенді бөлігінің жоғары нүктесі 2800 метр биікте. Вулкан шамамен 60-70 мың жыл бұрын пайда болған деп есептеледі.
18-ғасырдың соңынан бері Шивелуч вулканы 10-нан көп рет атылған.