АҚШ аймақтық сотының судьясы Тревор МакФадден 2021 жылы 6 қаңтарда Капитолийге басып кіргендердің біріне 7 жыл түрме жазасын кесті. Көтерілісшілер АҚШ Конгресіне басып кірген кезде Патрик Маккойи полицейлердің бірінің қалқанын жұлып алып алған. Associated Press агенттігі бұл эпизодты көтерілісшілердің айқын күш көрсетуінің көрінісі деп атайды.
Федерациялық прокурор соттан Маккойиді 15 жылға соттауды өтінген.
Судья 25 жастағы Маккойидің әрекетін 6 қаңтар күнгі шабуылдағы ең қауіпті әрі жиіркенішті қимыл деп атады.
"Сіздің әрекетіңіз сол түнекте жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болды" деді судья МакФадден.
Коннектикут штатындағы Риджфилд қаласының тұрғыны Маккойи сол кезде президент сайлауында жеңілген Дональд Трамптың жақтастарына қосылғанына ұялатынын мойындады.
"Солай әрекет еткенім үшін кешірім сұраймын, сол күні азаматтан гөрі хайуанға көбірек ұқсас болыппын" деді Маккойи.
Маккойи – 2021 жылы 6 қаңтарда Капитолийге жасалған шабуыл бойынша істе ең қатал жазаланған екінші адам. Бұған дейін сот полицейлердің бірін шабуылдаушылар жаққа қарай әкелу үшін күш қолданған Теннесси штатының тұрғыны Альбукерк Коспер Хедті де жеті жылға соттаған еді.