Accessibility links

АҚШ-тың Ресейдегі елшісі WSJ басылымының қамаудағы тілшісі Эван Гершковичпен кездескен


Линн Трейси.
Линн Трейси.

Дүйсенбіде АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Линн Трейси Мәскеудегі "Лефортово" абақтысында отырған Америка журналисі Эван Гершковичке барған. Бұған дейін АҚШ дипломаттары Грешковичке кіруге екі апта бойы рұқсат ала алмаған. "Журналистің денсаулығы қалыпты" екенін айтқан Трейси оны дереу босатуға үндеген.

АҚШ-тың The Wall Street Journal басылымының тілшісі Эван Гершкович 29 наурызда Екатеринбургте қамауға алынған. Ресей арнаулы қызметінің хабарлауынша, журналист "АҚШ-тың тапсырмасымен Ресейдегі әскери-өнеркәсіп кешеніне қарасты бір кәсіпорын туралы мәлімет жинаған".

Гершкович өзіне тағылған айыпты жоққа шығарған. The Wall Street Journal редакциясы да тыңшылық етті деген айыпты үзілді-кесілді терістеп, Гершковичтің журналистік жұмыспен айналысқанын мәлімдеген. Редакция Гершковичтің Екатеринбург тұрғындарынан "Вагнер" әскери тобының Украинадағы шығындарына көзқарасын сұрастырғанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG