Accessibility links

АҚШ қаржы министрлігі: Мәскеу Ресей мұнайының бағасына белгіленген лимитті айналып өткісі келеді


Дүйсенбіде АҚШ қаржы министрлігі америкалық компанияларға Ресейдің қиыр шығысындағы мұнай құбырлары арқылы жүретін мұнай тасымалына араласып, санкцияға ілігіп қалмауды ескертті.

АҚШ қаржы министрлігінің шетел активтерін бақылау басқармасының (OFAC) ескертуінде Ресейдің Тынық мұхит порттарынан экспорталатын мұнайы Батыс елдері белгілеген 60 доллардан қымбатқа сатылып жатқаны туралы ақпарат бар екені жазылған. "Мұнай тиелген порт туралы экспортерлердің жалған ақпаратына сеніп қалған америкалық фирмалар санкция тәртібін бұзғанын білмеуі де мүмкін" дейді құжатта. OFAC Америка компаниялары Ресейден экспортталған мұнайдың баррелі 60 доллардан арзанға сатып алынғанын растайтын құжаттарды толық және мұқият тексеруге тиіс деген. Себебі олар санкция тәртібін бұзғаны әшкереленген жағдайда жауапқа тартылуы мүмкін.

2023 жылы қаңтарда Еуропа одағы мен Үлкен жетілік елдері Украинаға басып кіргені үшін Ресейдің танкермен экспортталатын мұнайының бағасын шектеген. Санкция мақсаты – Ресейдің валюта табысын азайту. Кейінгі мәліметтерге қарағанда, Ресейдің мұнай табысы былтырғы жылмен салыстырғанда 40 пайыз азайған.

XS
SM
MD
LG