Шетелдегі миллиардтар, жолға мұқтаж ауыл, Столтенберг сапары
Шетелге миллиардтаған долларды заңсыз шығарғандар кім? Үкіметтік комиссия ешкімнің атын атамайды. Сарапшылар комиссия жұмысына сенбей, "тиісуге болмайтындардың тізімі бар ма" деп күмәнданады. Алматы қаласының іргесіндегі Жандосов ауылының тұрғындары жол жөндеу үшін қор құрып, қаражат жинауға кіріскен. Жергілікті билік бюджеттен бөлінген ақша жетпейтінін айтады. Қазақстан президентінің ҰҚК қызметін өзгерту туралы жарлығының жобасын талқылау аяқталды. Құқық қорғаушылар президент жарлығы арқылы комитет бейбіт митингіге қатысушыларды ашық қудалауы мүмкін дейді. - Йемен астанасында қайырымдылық акциясы кезінде 78 адам тапалып қалып қаза тапты. Ал НАТО бас хатшысы соғыс басталғалы алғаш рет Украинаға барды.