Accessibility links

Қытай басшысы Си Цзиньпин соғыс басталғалы алғаш рет Зеленскиймен сөйлесті


Украина президенті Владимир Зеленский мен Қытай басшысы Си Цзиньпин.
Украина президенті Владимир Зеленский мен Қытай басшысы Си Цзиньпин.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин соғыс басталғалы бірінші рет Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Зелескний Twitter-де хабарлады. Ал Қытайдың "Синьхуа" агенттігі "Пекин Киевке соғысып жатқан тараптармен келіссөз жүргізу үшін арнайы өкіл жіберетінін" жазады.

Зеленский Қытай басшысымен әңгіме "ұзақ әрі мәнді болғанын" айтады. Украина президентінің баспасөз қызметі екі президент бір сағаттай сөйлескенін хабарлады.

"Бұл әңгіме және Украинаның Қытайдағы елшісінің тағайындалуы екі елдің қарым-қатынасына күшті серпіліс береді деп сенемін" деп жазды Зеленский Twitter-де.

Ақпанда Қытай Украинадағы соғысты аяқтаудың арнайы жоспарын ұсынған. Сарапшылар Пекин ұсынған құжат жалпылама сөзден тұрады деп сынады.

Си Цзиньпин наурызда Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG