Accessibility links

Орталық Азиядағы бес елдің президенті Қытайдағы саммитке қатысады


Орталық Азия елдері мен Қытай арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл құрметіне өткен онлайн-саммит. Қаңтар 2022 жыл
Орталық Азия елдері мен Қытай арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл құрметіне өткен онлайн-саммит. Қаңтар 2022 жыл

Орталық Азиядағы бес елдің басшысы 18-19 мамырда Сиан қаласында (Қытайдың Шэньси провинциясының орталығы) өтетін "Қытай - Орталық Азия" саммитіне қатысады. Бұл ақпаратты Қытай СІМ ресми өкіліне сілтеген Синьхуа агенттігі хабарлады. Форумды ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өткізеді.

Қытай тарапының шақыруымен саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркменстан президенті Сердар Бердімұхамедов барады.

Қытай сыртқы істер министрлігінің тағы бір хабарына қарағанда, Түрікменстаннан өзге төрт елдің президенті 16-20 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен аттанады.

"Қытай - Орталық Азия" саммиті "С-С5" ынтымақтастығы форматында мемлекет басшылары деңгейіндегі алғашқы кездесу болып саналады.

"С+С5" форматында бұл елдердің сыртқы істер министрлері 2020 жылы кездескен. Одан кейін СІМ орынбасарлары 2021 жылы 12 мамырда Қытайда жолыққан. Үшінші кездесу 2022 жылы 8 маусымда Қазақстанда, төртінші кездесу биыл 27 сәуірде Сианда өткен. Соңғы кездесу кезінде тараптар Қытай мен Орталық Азия елдері жетекшілерінің кездесуін ұйымдастыруға уағдаласқан.

Қытай Орталық Азиядағы бұрынғы советтік бес республикаларға ірі көлемде инвестиция салып отырған ел саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG