Accessibility links

Ресейде қанатты зымыран шығаратын холдинг басшысы отбасының Прагада қымбат үйлері бар


Ресейлік ракета шығаратын холдинг басшысы Борис Обносов.
Ресейлік ракета шығаратын холдинг басшысы Борис Обносов.

Еуроодақтың санкциясына ілінген ресейлік "Тактическое ракетное вооружение" холдингінің басшысы Борис Обносовтың отбасы Чехияда құны 8 млн еуродан асатын жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Навальный командасының жаңа зерттеуінде осындай мәлімет айтылады.

Зерттеу авторларының мәліметінше, холдинг жетекшісі Борис Обносовтың күйеубаласы Ростислав Зориковқа тиесілі төртқабатты зәулім үй Праганың көне ауданында орналасқан. Құны – 6 млн еуро.

Бұған қоса, Зориковтың Чехия астанасында құны 1 млн еуродан асатын 140 метрлік пентхаусы бар. Пентхаустың есігінде бұл үйде Ростислав Зориков пен әйелі Ольга (Борис Обносовтың қызы) тұратынын меңзейтін тақта ілінген.

Прагада Обносовтың жақындарының атында тағы үш пәтер бар: бірі, құжат бойынша, Ростислав Зориковтың әкесіне, тағы бірі інісі Даниилге, үшіншісі Ростиславтың өзіне тиесілі.

Жемқорлықпен күрес қоры директорлар кеңесінің төрайымы Мария Певчихтің айтуынша, қор Чехиядан Борис Обносов пен Зориковтар отбасының елге кіруіне тыйым салуды сұрамақ. Ол чех үкіметі мен ЕО әлі күнге дейін Зориковтардың Еуропаға кіруіне тыйым салмағанына таңданады.

"Олардың әкесі – нағыз әскери қылмыскер, "Тактическое ракетное вооружение" корпорациясы Украинадағы соғысқа қатысып жатыр. Мүмкін болған жердің бәріне жазамыз, барлық чех ведомствосы мен полициясына, сыртқы істер министрлігіне жазып, Зориковтар мен Обносовтарға және оларға қатысы бар фирмаларға жеке санкия салуды талап етеміз" деді Певчих.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG