Accessibility links

Украина Ұлыбританиядан алысқа ұшатын қанатты зымыран алды


Украина алғаш рет Батыс елдерінен 200 шақырымнан астам қашықтыққа бағытталған қанатты зымыран алды. Бұл жөнінде ұлыбританиялық BBC ақпарат агенттігі хабарлады.

Ұлыбритания Киевке қазіргі заманғы Storm Shadow қанатты зымыранын берді.

Украина бұған дейін тек 80 шақырымға дейін ұшатын зымырандарды алып келген.

Storm Shadow зымырандарының Ресей армиясына жойқын соққы беруге, қарсы шабуылға шығуға мүмкіндігі зор. Мәскеу Украинаның мұндай зымырандарды алуын "қызыл сызықтан аттау" деп атады.

Storm Shadow зымырандары Францияның қатысуымен 1990-жылдардың соңында, 2000-жылдардың басында Ұлыбританияда жасалды. Бұл зымырандар 450 келі оқ-дәріні алып ұша алады. Олар Иракта "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына қарсы жүргізілген операция кезінде қолданылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG