Accessibility links

Херсон облысында снаряд жарылып, бес бейбіт тұрғын қаза болды


Херсон облысы.
Херсон облысы.

Украинаның Херсон облысындағы Миролюбовка ауылында кәсіпорындардың бірінде жарылмаған снаряд іске қосылып, кемінде бес адам қаза болды. Барлығы – бейбіт тұрғын. Қаза болғандардың ең жасы – 27-де, ең үлкені 68 жаста.

Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермактың айтуынша, Ресей әскері бомбалауынан кейін кәсіпорында снаряд қалып қалған.

Херсон облысының прокуратурасы "соғыс заңы мен ережесін бұзу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"РБК-Украина" сайтының хабарлауынша, өткен тәулікте Ресей әскері Херсон облысын шамамен 400 снарядпен атқылаған, нәтижесінде 6 адам зардап шеккен.

Бұған қоса, 13 мамырда Ресей авиациясы Херсон облысының Берислав қаласына әуеден екі бомба лақтырған. Атқылаудың салдарынан қала жарықсыз қалған.

XS
SM
MD
LG