Accessibility links

Алматыда оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды


Оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлиннің жаназасы. Алматы, 20 мамыр 2023 жыл.
Оппозиция қайраткері Жасарал Қуанышәлиннің жаназасы. Алматы, 20 мамыр 2023 жыл.

20 мамырда таңертең Алматыда орталық мешітте оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинмен қоштасу рәсімі өтті. Жаназаға жиналғандар арасында саясаткердің үзеңгілес әріптестері, саясаткерлер, белсенділер бар. Билік өкілдерінен жаназаға қатысқандар байқалмады. Саясаткер Кеңсай зиратына жерленді.

Жасарал Қуанышәлин 18 мамырда 74 жасында ауруханада көз жұмған. Ол бірнеше күн бұрын ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді.

Жасарал Қуанышәлин 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге де ниет білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG