Accessibility links

Телеграмда қарулы топ Ресейдің Белгород облысына кіруге талпынғаны хабарланды


Ресейлік телеграм-арналар "База", Mash және Shot сенбі күні күндіз Украина аумағынан қарулы топ Ресейдің Белгород облысына өтуге талпынғанын жазды.

"Базаның" жазуынша, 19 мамырда кешке Калашников автоматы, гранатомет, винтовка және пулеметтармен қаруланған топ ресейлік шекарашылармен атысқан.

Ақпаратқа қарағанда, оқиға шекарадан бір шақырым жердегі Красный Хутор ауылы маңында болған. Шекарашылар шабуылға тойтарыс берген. Mash-тың жазуынша, қарулы топта 15-тен астам адам болған, 5-10 адам аралығында жарақат алған. Shot 4 адамның жараланғанын жазды.

Белгород облысының жедел штабы Украина жағынан диверсиялық топ өтпек болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

Наурыз басында Украинамен шектесетін Ресейдің Брянск облысында қарулы топ екі ауылға шабуылдаған. Ресей билігі екі бейбіт тұрғынның қаза болғанын хабарлаған. Шабуылды "Орыс еріктілер корпусы" мойнына алған.

Украина билігінің өкілдері оқиғаны "Ресейдің өз ішіндегі қақтығыс" деп атаған. Себебі, аталған корпус Украина жағында соғысып жүрген Ресей азаматтарынан құралған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG