Accessibility links

Америка әншісі Тина Тернер қайтыс болды


Швейцарияда 83 жасында әнші Тина Тернер қайтыс болды. Бұл жөнінде Sky News телеарнасына оның өкілі хабарлады.

Сегіз рет "Грэмми" сыйлығын алған Тина Тернер 1960-80 жылдары танымал әншілердің бірі болды. Әлем жұртшылығы арасында ол "рок-н-ролл патшайымы" деген атқа ие болған.

Әйгілі әнші 1939 жылы АҚШ-та дүниеге келген. Ата-анасының оған қойған аты – Анна Мэй Буллок. Ол ритм-н-блюз стилінде ән айтып таныла бастаған.

"Грэммиден" бөлек, MTV Video Music Awards, Amеrican Music Awards және өзге де сыйлықтарға ие болған.

Тина Тернер биші әрі актриса ретінде де танылған. 1986 жылы Голливудтың Даңқ аллеясында оған арналған жұлдыз пайда болды.

XS
SM
MD
LG