Accessibility links

Душанбе Ресейде тәжік азаматтары жаппай ұсталып жатқанына алаңдаушылық білдірді


Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семен Григорьев (оң жақта арғы жағында отыр) Тәжікстан сыртқы істер министрлігінде отыр. 24 мамыр, 2023 жыл.
Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семен Григорьев (оң жақта арғы жағында отыр) Тәжікстан сыртқы істер министрлігінде отыр. 24 мамыр, 2023 жыл.

Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семен Григорьев 24 мамырда Тәжікстан сыртқы істер министрлігіне шақырылып, Ресейде тәжік азаматтары жаппай ұсталып жатқанына байланысты Душанбе алаңдап отырғанын жеткізді.

Тәжікстан билігі "көші-қон проблемасын бірлесіп шешу тетігін қарастыру қажет" деп мәлімдеген.

Тәжікстан СІМ-нің хабарлауынша, Ресей елшісімен кездесу кезінде 19 мамырда Ресейдің Комсомольск қаласындағы техникалық университетте оқитын тәжік студенттеріне көрсетілген әлімжеттік те туралы да айтылған.

"Бұл оқиға тәжік-орыс стратегиялық әріптестігі талаптарына сәйкес келмейтіні, білім саласындағы өзара қарым-қатынасқа зиянын тигізуі мүмкін екені" айтылды делінген хабарламада.

Тәжікстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Умед Бобозода ресейлік әріптесі Татьяна Москальковаға қайырылып, тәжік студенттерінің басындағы жағдайды ашық түсіндіріп беруді сұраған.

19 мамырда таңертең Ресейде 100-ден астам тәжік студентін Хабаровск өлкесінің күш құрылымдары соққыға жыққан. Олар жатақханаға сабақ басталардан бұрын келіп, бейнебақылау камераларын өшіріп, студенттерді ұра бастаған. Куәгерлердің айтуынша, бетіне маска таққандар саусаққа киілетін кастет секілді арнайы затты қолданған. Пистолетпен, электрошокермен қаруланған.

Бұған қоса, Тәжікстанның Ресей паспортын алған азаматтарының федерация аумағынан шығуы шектелген. Ресейде тұратын қос азаматтығы бар тәжікстандықтар федерация аумағынан шығуға тыйым салынғанын РФ мемлекеттік қызметтер порталынан білген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG