Accessibility links

Ресей әскері Киевке тағы дронмен шабуыл жасады


28 мамырда Қала күнін атап өтетін Киев жексенбіге қараған түні Ресей әскерінің жаппай шабуылына ұшырады. Қала әскери әкімшілігінің хабарлауынша, әуе шабуылынан қорғайтын жүйе кемінде 40 дронды атып түсірген, бір адам қаза болған.

Киев қалалық әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко бұл Ресей басқыншылығы басталғалы бергі ең ірі дрон шабуылы екенін айтты. Шабуылда ирандық "Шахед" дрондары пайдаланылған. Шабуыл бірнеше рет қайталанған, әуе дабылы бес сағаттан астам уақыт істеп тұрды.

Жексенбіге қараған түні Украинаның 12 аймағында әуе дабылы іске қосылған. Житомир, Сумы, Черскасск облыстарында жарылыс болғаны хабарланды. Зардап шеккендер туралы мәлімет анықталып жатыр.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресей аумағында украин дрондары Краснодар өлкесінде Ильск мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасамақ болған. Барлығы атып түсірілген, зардап шеккендер жоқ деп айтылады.

XS
SM
MD
LG