Accessibility links

Зеленский Иранға 50 жыл санкция салуды көздейтін қаулы жобасын ұсынды


Владимир Зеленский
Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Иранға 50 жылға санкция салуды көздейтін қаулы жобасын ұсынды.

Бұл құжатқа қарағанда, өзге де көп тыйымның ішінде Иранмен сауда операцияларын және ресурс транзиттерін толық тоқтату, Украина жеріндегі Иран резиденттерінің капиталдарын бұғаттау мәселесі бар.

Бұған дейін Украина экономика министрі Юлия Свириденко санкция салуға Тегеранның Мәскеуге әскери көмек беріп отырғаны себеп болды деген.

Украина Тегеран Мәскеуге әскери көмек берді, Украинаның маңызды инфрақұрылымдарына шабуыл жасау үшін Ресей пайдаланып отырған "Шахид" дрондары Ирандікі деп есептейді. Иран Ресейге дрон бергенін бастапқыда мойындамаған, кейіннен "соғыс басталғанға дейін бергенбіз" дейтін уәж айтқан.

Владимир Зеленский Иранды Ресейге қолдау көрсетуді тоқтатуға үндеп, бұлай жалғаса берсе, Иран Ислам Республикасы әрі қарай да оқшаулана түсетінін мәлімдеген. Иран сыртқы істер министрлігі оған "Зеленский бұл сөзді Батыс елдерінен ақша мен қару алу үшін айтып отыр" деп жауап берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG