Accessibility links

Дания Украинаға тағы да 2,6 миллиард доллар әскери көмек береді


Метте Фредериксен мен Владимир Зеленский.
Метте Фредериксен мен Владимир Зеленский.

Дания Украинаға 17.59 миллиард крон (2,59 миллиард доллар) әскери көмек береді. Мұны дүйсенбіде Дания премьер-министрі Метте Фредериксен айтты. Бұл қаржыға Украина биыл және келер жылы қару сатып алады.

Наурызда Дания Украинаға 2020 жылы әскери және азаматтық көмек беру үшін қор құрған. Қорға 1 миллиард доллар бөлінген. Дания радиосына берген сұхбатында Фредериксен үкімет бұл қорға биыл тағы да 1 миллиард долларға жуық, келер жылы 1,5 миллиард долларға жуық қаржы бөлгелі отырғанын мәлімдеді.

Украина президенті Владимир Зеленский Twitter-де Дания үкіметіне алғысын білдірді.

Фредериксен бұл мәлімдемені НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің солтүстіктегі елдерге сапары қарсаңында жасап отыр. Биыл қыркүйекте Столтенберг қызметінен кетеді. Орнына Метте Фредириксен тағайындалуы мүмкін деген болжам бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG