Accessibility links

Украина: Қарсы шабуыл ұрымтал сәт туғанда басталады, алдын ала хабарланбайды


Украина ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов.

Украина қарсы шабуылды қай күні, қай сәтте бастайтынын алдын ала хабарламайды. Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Алексей Данилов Италияның Corriere della Sera басылымына берген сұхбатында Украина әскерінің тактикасы ұдайы өзгеретінін, ұрымтал сәт туғанда қарсы шабуылға көшетінін мәлімдеді.

Жексенбіде Украина қорғаныс министрлігінің өкілі Анна Маляр Украина әскери қызметкерлерінің сабырға шақырған видеосын жариялады. Ролик "Жоспар тыныштықты қалайды. Қашан басталатыны хабарланбайды" деп аяқталады.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украина әскерінің қарсы шабуылы жөнінде бірнеше мәлімдеме жасаған. Украина қарулы күштері қарсы шабуылға дайын екенін, алайда шабуыл қай күні басталатынын айту қиын екенін мәлімдеген.

Украинадағы соғыс жайлы жазып жүрген Ресейдің телеграм-арналары жексенбі күні Украина әскері Запорожье мен Донецк облыстарының шекарасындағы Великая Новосёлка кенті маңында соққы бергенін хабарлаған. Бірқатар ақпарат құралы Украина әскері осы кент төңірегіндегі екі елді мекенді қайтарып алғанын хабарлады. Украинаның кейбір ақпарат көздері де солай жазды.

Ресейдің кейбір арналарының жазуына қарағанда, Украина әскери қорғанысты бұза алмаған, техникасынан айырылған. Жексенбі күні кешкісін Ресей телеграм-арналары Ресей әскері барлық шебін қайтарып алғанын хабарлай бастады. Бұл ұрыс жөнінде Украина ресми ақпарат таратқан жоқ.

Украина қарулы күштері құрлықтағы әскерінің қолбасшысы генерал-полковник Александр Сырский Сватовск бағытында 400 метр алға жылжығанын мәлімдеді. Пригожин бұған дейін "Вагнер" жалдамаларының шебін Ресейдің тұрақты әскеріне өткізгенін хабарлаған.

Соғыс жағдайында бұл ақпаратты тәуелсіз, бейтарап көздерден тексеру мүмкін емес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG