Accessibility links

Тәжікстан әскерге барудан жалтарғандар тізімін жасап, студенттерді емтихан үстінде әкетуге кіріскен


Бейтарап сурет
Бейтарап сурет

Тәжікстан қорғаныс министрлігі әскерге шақыру маусымы аяқталғанын мәлімдеп, әскерге барудан себепсіз жалтарған жастардың тізімін жасағанын хабарлаған.

"Әскерден жалтарғандардың" нақты саны айтылмаған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оларға заңға сай шара қолданылады.

Тәжікстан азаматтары әскери міндетін орындаудан бас тартқан жағдайда айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бостандығынан айырылады.

Әскерге шақырудың бұл маусымында күштеп әкету, ата-аналарына қысым жасау көбейгені туралы шағым көбейген. Мамырдың соңында Тәжік мемлекеттік медицина университетін бітіргендерді емтихан үстінде әкетіп, әскери қызметке мәжбүрлеп жіберген. Азаттықтың Тәжік редакциясы – "Радио Озодиге" әскери комиссариат қызметкерлерінен қашып жүрген студенттердің видеосы түскен. Жоғары оқу орны "олардың бәрі өз еркімен әскерге кетті" деп мәлімдеген. Мұндай ақпарат өзге де оқу орындарынан тараған.

Биыл сәуірде Соғды облысының соты әскерге барудан жалтарған Истаравшан қаласының 27 жастағы тұрғынын алты ай абақтыға қамаған. Тәжікстан Бас прокуратурасының мәліметіне қарағанда, 2022 жылы осы баппен 18 адам жауапқа тартылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG