Accessibility links

"Паспорттан "қазақ" деген графаны алып тастайық!" Баталов, Смағұлов бастаған 150 кәсіпкердің үндеуі қайдан шықты?


1994 жылы 150 кәсіпкер мемлекеттік тіл екеу болсын, паспорттағы "ұлты" деген графаны жойып, "қазақстандық" деген ұлт болайық деп үндеу жариялады. Одан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев тура осы мәселені парламенттің алдына қойып, депутаттардың жартысынан көбі қарсы болған еді. 2010 жылы Назарбаев "Мәңгілік ел" доктринасының жобасын жариялағанда "қазақстандық ұлт" дегенді тағы шығарды. Биыл айтылған "Ұлт құру" дейтін бағдарламада да "ұлты" деп аталатын графаны алып тастау сөз болған.

XS
SM
MD
LG