Accessibility links

Қырғыз депутаттары Бішкектегі су тапшылығы мәселесін айтты


Қырғызстанда Жогорку кеңештің 7 маусымдағы отырысында бірнеше депутат Бішкек мэрінен парламентке келіп, астана неге сусыз отырғанын түсіндіруді талап етті.

Депутат Дастан Бекешевтің айтуынша, қала әкімшілігі үш аптадан бері ешқандай шара қолданбай отыр.

Бішкекте су мәселесі бар. Халық оны айтып жүр. Шара қолданбаса, халық көшеге шығады, – деді Бекешев.

Ұлан Примов пен Мақсатбек Сарбагышев әріптесін қолдап, қала әкімін шақыруды ұсынды.

– Біз бұлақ көзінде отырмыз, бірақ су жоқ. Тұрғын үйлер бір аптадан бері сусыз отыр, халық наразы. Неге шара қолданбаған? – деп сұрады Примов.

Спикер Нұрланбек Шәкиев астанадағы су мәселесі 8 маусымдағы жиналыста талқыланатынын айтты.

6 маусымда Бішкек әкімдігі қаланың оңтүстігінде орналасқан мекемелердің бірқатарына су беру уақытша тоқтағанын хабарлады. Бұған қоса, әкімдік қала тұрғындарына суды үнемдеуге кеңес берген. Кейін астанадағы су тапшылығына байланысты қаланың оңтүстік аудандарына су жеткізу түн уақытында тоқтағаны мәлім болды.

Бішкекте жаз басталған уақытта су тапшылығы қатты сезіліп жатыр. Астана шетіндегі Арча-Бешик, Ақ-Ордо, Ақ-Жар және басқа да аудандардың тұрғындары сусыз отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG