Accessibility links

Түркіменстанда блогерлерге елін мақтау тапсырылған


Түркіменстанның бірқатар аймағында YouTube, TikTok, Instagram секілді әлеуметтік желілердегі танымал блогерлерді полиция тергеуге алып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады.

Оларға Түркіменстан жайында тек мақтаудан тұратын контент түсіру тапсырылған. Керісінше істелсе, қамауға алынасыңдар деп қорқытқан.

Түркіменстанда көп жылдан бері Facebook, Twitter және YouTube сияқты әлеуметтік желілер мен тәуелсіз ақпарат құралдарының сайттары бұғатталған. Бірақ жастар VPN сервистерін пайдаланады.

Кейінгі бірнеше айдан бері ірі қалаларда тұратын блогерлерді полиция бөлімшесіне шақыра бастаған. Олардың арасында тауар жарнамалайтын, жеке өмірі жайында айтатын әртүрлі блогерлер бар.

Олардан тек бір-ақ нәрсе талап етілген: Түркіменстан жайында мақтаудан тұратын жазбалар жариялау.

Былтыр билік интернетке бақылауды күшейтуді тапсырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG