Accessibility links

Сырым Шәріпханов төтенше жағдай министрі болып тағайындалды


Ақорда.
Ақорда.

Сырым Шәріпханов төтенше жағдай министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

Қазақстанның шығысында орман өрті болып жатқан кезде сенбі күні таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай министрі Юрий Ильинді қызметінен босатқан еді.

56 жастағы Сырым Шәріпханов осыған дейін төтенше жағдай министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясын басқарған. Оның алдында 2014-2020 жылдары төтенше жағдай министрлігіне қарасты Көкшетау техникалық институтына жетекшілік еткен. Бірнеше аймақта төтенше жағдай қызметтерінде істеген.

Қазақстанда төтенше жағдай министрі елдің шығысында мыңдаған гектар жерге орман өрті жайылған шақта ауысып отыр. Соңғы мәлімет бойынша, өрт аумағы 60 мың гектар. 10 маусымда түстен кейін Абай облысының әкімдігі "өрт ошақтарының басым бөлігі ауыздықталғанын, жағдай тұрақталып келе жатқанын" хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG