Accessibility links

Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтады


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев (оң жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) Мәскеудегі Еуразиялық экономика форумында. 24 мамыр, 2023 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, Ресей күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев хатында "Ресей халқына амандық тілеп, сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірген".

Тоқаевпен бірге Путинді Беларусьтегі билікті ұстап отырған Александр Лукашенко мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын да құттықтағаны хабарланды.

Ресей бұл күнді 1992 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді. 1990 жылы 12 маусымда Ресей тәуелсіздігі туралы декларация қабылданған. Тарихшылар мен саясаттанушылар бұл декларация Совет Одағының ыдырауына жасалған үлкен қадам деп есептейді. СССР құлағанына жиі өкініш білдіретін Путин бұл мерекеден бас тартқан жоқ. Кремль қазір Ресей күні мейрамын пропагандаға жиі пайдаланады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG