Accessibility links

Ресей билігіне тәуелді БАҚ тілшісі тәуелсіз медиа өткізген онлайн-марафонның шырқын бұзған


RUSSIA - Solidarity marathon
RUSSIA - Solidarity marathon

Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары 12 маусымда саяси тұтқындарды қолдауға арналған онлайн-марафон өткізген. Бұл күнді Ресей Федерациясы "Ресей күні" деп атап өтеді. "Сен жалғыз емессің" деген ұранмен басталған онлайн-марафон таңғы 9-дан кешкі 10-ға дейін жалғасқан. 13 сағатта 34 миллион 447 мың 623 рубль жиналған. Ақша саяси тұтқындар мен олардың отбасыларына көмекке және адвокат жалдауға беріледі.

Марафонға "Медуза", "Медиазона", "Дождь", "Навальный LIVE", "Служба поддержки", "Холод", "Новая газета" ақпарат құралдары, "Популярная политика", "Ходорковский Live" және Максим Кацтың, Дмитрий Колезевтің, Александр Плющевтің арналары қатысқан. Журналистер эфирге бірге шығып, акцияны өздерінің YouTube-арналарынан көрсеткен. Акцияға азаматтық белсенділер де қатысқан.

Алғашқы төрт сағатта саяси тұтқындарға қолдауға арналған қаржыны Ресей карталарынан жіберуге мүмкіндік болған. Алайда мемлекетттік RT телеарнасының журналисі Константин Придыбайлоның шағымынан кейін бұғатталған. Ол "экстремистік марафонға Ресейден түсетін донаттардың жолын кестім" деп жазған. Придыбайло DonatePay иелеріне хабарласқан, содан соң олар ақша жинауды бұғаттаған.

  • "Мемориал" құқық қорғау орталығының статистикасына қарағанда, қазір Ресей түрмесінде 553 саяси тұтқын отыр. Оның 409-ы – діни сенімі үшін қамалғандар (Иегова куәгерлері, "Хизб-ут Тахрир" қозғалысы, тағы басқа), 144-і – саяси ұстанымы бойынша отырғандар. Тағы 565 адам саяси қысымға алынған. Бұлар "Мемориал" ресми түрде саяси тұтқын деп танығандар ғана.
  • "ОВД-Инфо" ұйымының мәліметіне қарағанда, 2022 жылы Ресейде адам саяси көзқарасы үшін ұсталмаған небәрі 25 күн ғана болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG