Accessibility links

Астана шетінде ағаш өртеніп, қаланы түтін басты


Түтін басқан Астана. 19 маусым 2023 жыл
Түтін басқан Астана. 19 маусым 2023 жыл

Астанада қураған ағаш өртеніп, қаланы түтін басты. Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасындағы өрт 15 гектарға жайылған.

"Желдің ұйытқып соғып тұрғаны, жердің батпақ екені, барар жолдың жоқтығы өртті сөндіруді қиындатып отыр. Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 140 маманы мен 21 техникасы, әкімдіктің 8 су шашатын машинасы, "Астана орманы" мекемесінің 10 көлігі жұмылдырылған" делінген хабарламада.

Әлеуметтік желідегі видеодан қала шетінде түтін будақтап шығып жатқаны көрінеді

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG