Accessibility links

БАҚ: Ресей Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысқысы келмеген солдаттарын жертөлеге қамайды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Тelegram-канал ASTRA Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартқан Ресей солдаттарын қамайтын жертөле туралы видео жариялады.

БАҚ хабарына қарағанда, жертөле Укринаның Ресей бақылауындағы Луганск облысында. Журналистер жариялаған кадрда жертөледегі солдаттар бетонға немесе тақтайға жатады, туалет орнына пластик бөтелке пайдаланады. Жертөледе жарық жоқ, қамаудағылар фонарьмен отыр.

Видеоның ASTRA редакциясына қалай жеткені белгісіз. Журналистер мұндай жертөленің 15-ін тапқан. Тоғызы - Луганск облысында, бесеуі - Донецк облысында, біреуі - Харьков облысында.

Басылым мұндай жертөле Ресей заңына қайшы екенін, гауптвахтаға жіберілетін солдаттарға хаттама толтырылатынын, ал жертөленің оған қатысы жоқтығын, мұнда ешбір құжат жасалмайтынын айтады.

  • Бұған дейін БАҚ ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартқан солдаттар азапталатынын, оларға медициналық та, заңдық та көмек берілмейтінін, тіпті қылмыстық іс қозғалатынын әлденеше рет хабарлаған.
  • Ресей қорғаныс министрлігі жертөледегі жаза туралы түсініктеме бермеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG