Accessibility links

"Вагнер" жалдамалылары Ресейдің әуедегі командалық пунктін де атып түсірген


Воронеж трассасында кетіп бара жатқан "Вагнер" жалдамалылары
Воронеж трассасында кетіп бара жатқан "Вагнер" жалдамалылары

Сенбідегі бүлік кезінде "Вагнер" жалдамалылары Ресейдің "әуедегі әскери командалық пункті" - Ил-22М ұшағын да атып түсірген. Бұл жөнінде Нидерландының Oryx жобасы мен Ресей телеграм-арналары жазды.

Бірінші арна тілшісі Ирина Куксенкованың сөзіне қарағанда, Ил-22М бортында 10 адам болған, бәрі де өлген.

"Оңтүстік әскери округ штабында Пригожинге "оны неге аттыңдар, әуеден соққы жасайтын ұшақ емес қой" дегенде, Пригожин "колоннадағы ақымақ "пвошник" (әуе қорғанысы жүйесінің атқышы) төбеде ұшқанның бәрін ата беріпті" деп жауап берген. Тілшінің сөзіне қарағанда, Пригожин өлген ұшқыштардың отбасына 50 миллион рубльден өтемақы төлеуге уәде берген. Бұл ақпаратты өзге де телеграм-арналар таратты. Бірақ Пригожин де, Ресей қорғаныс министрлігі де әзірге жақ ашқан жоқ.

Ресей қорғаныс министрлігі бүлік кезіндегі шығын туралы ресми хабар таратқан емес. Көптеген бейресми ақпаратқа қарағанда, "Вагнер" жалдамалылары 6 тікұшақ атып түсірген. 20 ұшқыш өлген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG