Accessibility links

Зеленский Украинада ағылшын тілінің мәртебесін бекітуді ұсынды


Украина президенті Владимир Зеленский Жоғарғы радаға ағылшын тілінің мәртебесін бекітетін заң жобасын енгізді.

Құжатқа сәйкес, ағылшын тілін шенеуніктер, әскери офицерлер, полицейлер, салық және кеден орган қызметкерлері, экономиканың мемлекеттік сектор субъектілері (тізімін Украина министрлер кабинеті бекітеді) білуге тиіс. Мемлекеттік органдар егер заң талап етпесе, халықаралық құжаттарды аудармасыз қабылдауға тиіс.

Бұған қоса, ағылшын тілі балабақшаларда, орта мектептерде және жоғарғы оқу орындарында міндетті пән ретінде оқытылады. Дәрігерлер қажет кезде ағылшынша қоңыраулар қабылдап, жедел көмек бере алуға тиіс.

Одан бөлек, мемлекеттік органдардың сайттарының ағылшын нұсқасы болуы керек. Ағылшын тіліндегі фильмдер украин субтитрімен беріледі.

Заң жобасы Еуропа және Еуроатлантикалық интеграция процесін жандандыруға, Украинаның беделін әлемде бекітіп, оның бәсекеге қабілетін, инвестиция және туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған деп жазылған құжатта.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG