Ресейліктердің үштен бір бөлігі, яғни шамамен 35 пайызы Украинаға басып кіру қателік болды деп санайды. Әлеуметтік сауалнама жүргізген Russian Field компаниясының зерттеу қорытындысы осыны көрсеткен.
The Moscow Times басылымының жазуынша, соғыстың алғашқы айлары Украинамен соғысу туралы шешімге респонденттердің 26-28 пайызы қарсы болса, ал былтыр желтоқсанда 33 пайыз болған. Зерттеу басқыншылықты қолдамайтындардың көбейгенін көрсеткен.
Ақпаратқа қарағанда, "Украинаға басып кіру туралы шешімнен бас тартпаушы едім" деп жауап бергендер қатары алғаш рет 50 пайыздан түсіп, 49 пайызды құраған.
Сауалнамаға сәйкес, соғысқа қарсы көңіл-күй әсіресе 18-24 жас аралығындағы жастар арасында басым. 45 жастан асқандар арасында соғысты қолдайтындар көп.
Бұған дейін Russian Field компаниясының сауалнамасына сәйкес, соғысты жалғастыруды қолдайтындар мен бейбіт келіссөзді жақтайтындар іс жүзінде теңесті (45 және 44 пайыз) деп хабарланған еді.
ПІКІРЛЕР