Accessibility links

Беларустің Гаагадағы елшілігіне "Luka — terrorist", "Жыве Беларусь" деп жазып кеткен


Маусымның 2-сіне қараған түні Беларусьтің Гаагадағы елшілігіне әлдекімдер шабуыл жасаған. Бұл жөнінде жергілікті Omroep West телеарнасы хабарлады. Ғимараттың терезесін сындырып, маңдайына "Luka — terrorist" , "Жыве Беларусь" деп жазып кеткен.

Полиция 31 жастағы адамды күдікті ретінде ұстаған. Omroep West телеарнасының ақпаратына қарағанда, түске қарай жазу өшіріліп, терезе картон қағазбен жабылған.

Бұл мәліметтті Беларусь СІМ растаған.

Нидерланд парламентінің депутаты Сьерд Сьердсма "Беларусь, Ресей режимдеріне қанша ашулансаңыздар да олардың елшіліктеріне шабуыл жасамаңыздар. Өйтіп ешкімге көмектесе алмайсыздар, қайта сол елдердегі біздің елшілеріміздің қауіпсіздігін қиындатасыздар" деді.

Бұған дейін Беларусь республикасының Бельгиядағы елшілігіне, Вильнюстегі ғимаратына шабуыл жасалған.

Президент Александр Лукашенко Беларусь республикасы Ресейдің Украинадағы "арнайы операциясына" қатысып отырғанын әлденеше рет мәлімдеген. Беларусь жеріне Ресей әскерін орналастырып, Украинаны атқылауына жағдай жасаған. Сол үшін Батыс санкциясына іліккен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG