Accessibility links

"Вагнер" Украинадағы соғысқа "уақытша қатыспайтындықтан" жалдамалы жинауды тоқтатқан


"Вагнер" орталығына келушілер
"Вагнер" орталығына келушілер

"Вагнер" жеке әскери компаниясымен байланысы бар телеграм-арналар компанияға жалдамалылар жинау бір айға тоқтатылатынын хабарлаған.

Бұл хабарға қарағанда, оған компанияның Беларусь жеріне кетуіне байланысты Украинадағы соғысқа "уақытша араласпайтыны" себеп болған.

"Вагнер" жетекшісі Евгений Пригожин Ресейдің 42 қаласында жалдамалылар жинайтын орталық ашқанын наурыз айында жариялаған. 23-24 маусымдағы Пригожин бүлігінен кейін бұл орталықтар жабыла бастаған. Ресей қалаларындағы көшелерден "Вагнер" жарнамасы алынған.

Бүгін Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов "Вагнер" кеткенімен мобилизацияға қажеттілік жоқ екенін мәлімдеген.

24 маусымда Александр Лукашенконың араласуымен Пригожиннің Мәскеуге жасаған "Әділет жорығы" тоқтаған. Осы келіссөз кезінде Кремль Пригожиннің үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға, Пригожинді Беларусь жеріне жіберуге келіскен. Бейресми ақпараттарға қарағанда, Беларусь жерінде, Украина шекарасынан 200 шақырым қашықта жалдамалыларға арналған лагерь пайда болған. Олардың немен айналысатыны әзірге белгісіз.

30 маусымда "Би-би-си" "Вагнер" жеке әскери компаниясы әлі де жалдамалы жинап жатқанын хабарлаған. Журналистер хабарласқан "Вагнер" орталықтары "ешқандай өзгеріс жоқ екенін" айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG