Accessibility links

Респонденттердің жартысы Пригожиннің Ресей қорғаныс министрлігіне сыны орынды деп санайды


Евгений Пригожин
Евгений Пригожин

Сауалнамаға қатысқан Ресей азаматтарының 46%-ы 23-24 маусымда бүлік шығарған жекеменшік "Вагнер" әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің Ресей қорғаныс министрлігіне айтқан сыны орынды деп санайды. Респонденттердің үштен бірі орынсыз деп біледі. "Левада-центр" орталығы жүргізген сауалнама қорытындысы осылай болған.

Зерттеу мәліметіне қарағанда, Пригожин бүлігі Ресей президентінің рейтингіне әсер етпеген, қорғаныс министрі Сергей Шойгудың беделін түсірген. Бүліктен соң Пригожинді ұнатпайтындар күрт көбейген, қазір оны әрбір бесінші адам ғана қолдайды. Маусымның 22-сі мен 29-ы аралығында "Левада-центр" жүргізген сауалнама респонденттердің 58%-ы Пригожинді құптайтынын көрсеткен.

Респондентттердің үштен екісі "Вагнер" жалдамалыларының Украинадағы соғысқа қатысқаны дұрыс болды деп есептейді.

Кейінгі мәліметтерге қарағанда, "Вагнер" жеке әскери компаниясы бүліктен кейін Александр Лукашенконың келісімімен Беларусь республикасының Могилёв облысы орналасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG