Accessibility links

Финляндия инфрақұрылымы НАТО-ның Ресейден қорғанысын күшейте түскен


Reuters агенттігі Финляндия қосылғаннан кейінгі НАТО-ның Ресейден қорғанысқа арналған іс-шаралары туралы шолу жариялады.

"Ресейдің агррессияшыл саясатына орай НАТО солтүстігіндегі стратегиясын өзгерткен. Финляндияның қосылғаны НАТО-ның Ресейден қорғанысына бұрын-соңды болмаған мүмкіндік туғызған. Сөз - инфрақұрылым жобалары туралы болып отыр" дейді Reuters агенттігі сөйлескен дипломаттар мен сарапшылар.

"Соның бірі - Швециямен шекарадағы Торнио ауданындағы темір жолды жаңарту жобасы. Келесі жылы аяқталатын бұл жоба НАТО күштерін Финляндияның қиыр солтүстігіндегі Кемиярви қаласындағы базаға жеткізуді оңайлатады. Кемиярви Ресей шекарасынан бір сағат, Ресейдің ядролық бастионы тұрған Мурманскіден жеті сағаттық жерде" дейді мақалада.

Бұл аймақтағы Кольск түбегіне 27 су асты қайығы, 40-тан астам әскери кораблі, 80-ге жуық әскери ұшағы мен ядролық оқтұмсықтары бар Ресейдің Солтүстік флоты орналасқан. Мұндай ақпаратты Финляндияның халықаралық қатынастар институты берген (FIIA).

"НАТО-мен жанжал бола қалған жағдайда, Солтүстік флоттың басты міндеті Баренц теңізіндегі бақылаудан айырылмау, Солтүстік Америкадан Еуропаға Гренландия, Исландия және Англия жағалуына су жолы арқылы жүк жіберуге кедергі келтіру болып қалады. Бұл - Финляндияның НАТО-ға көмектерінің бірі ғана" дейді Reuters шолуында.

Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылуға өтініш беріп, биыл 4 сәуірде Финляндия кірген. Алда Швеция да кіруі мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG