Accessibility links

Киевтегі сотта жарылыс болып, бір адам қаза тапты


Жарылыс болған Шевченко аудандық сот ғимаратының маңын жауып тұрған күш құрылымдарының қызметкерлері. Киев, Украина, 5 шілде 2023 жыл.
Жарылыс болған Шевченко аудандық сот ғимаратының маңын жауып тұрған күш құрылымдарының қызметкерлері. Киев, Украина, 5 шілде 2023 жыл.

Киевтің Шевченко аудандық сотында сәрсенбі күні болған жарылыстан бір адам қаза тауып, екі адам жараланған. Украина полициясы сәрсенбі күні тергеу абақтысынан сотқа жеткізілген күдікті өзін жарып жіберген деп хабарлады.

Бұрын "Сич" еріктілер батальоны жауынгері болған күдікті 2015 жылғы 31 тамызда Жоғарғы Рада ғимаратының жанында жүздеген адам Украина Конституциясына Донбассқа ерекше мәртебе беру туралы өзгертулер енгізуге қарсылық акциясында тұрған кезде граната жарған деген айыппен қамауда отырған. Сол жолғы жарылыс салдарынан Ұлттық ұланның үш сарбазы қаза тауып, 140-тан астам адам жараланған еді.

Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, 5 шілде күні сот отырысы аяқталғаннан кейін әжетханаға кіріп кеткен күдікті бір мезетте айдауылдарға граната лақтырған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жарылыс болған. Бұдан кейін күдікті қашып кетуге талпынған.

Өзін ұстауға талпынған арнайы жасаққа лақтырмақ болған зат жарылып, салдарынан күдіктінің өзі мерт болды, екі сарбаз жараланды деп хабарлады полиция.

Тергеушілер сот ғимаратының ішіне жарылғыш затты кім алып кіргенін тексеріп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG