Accessibility links

Алматыда полиция Ресеймен қарым-қатынасты үзуді талап еткен фотографты ұстап әкетті


Фотограф Лейла Тұрлыбек бір адамдық пикетке шыққан сәт. Алматы, 6 шілде 2023 жыл.
Фотограф Лейла Тұрлыбек бір адамдық пикетке шыққан сәт. Алматы, 6 шілде 2023 жыл.

Алматыда 6 шілдеде полиция бір адамдық пикетке шыққан фотограф Лейла Тұрлыбекті ұстап, Бостандық ауданы полиция бөліміне жеткізген. Тұрлыбек Алматыдағы Желтоқсан алаңындағы пикетінде Украинаға соғыс ашқан Ресеймен қарым-қатынасты үзуді талап еткен еді. Оның плакаты мен футболкасында "Қазақстанның ҰҚШҰ мен ЕЭО-дан шығуды және ресеймен қарым-қатынасты үзуді талап етемін" (плакаттағы орысша сөйлемді аударғанда орфографиясы мен грамматикасы сақталды – ред) деген жазу болды.

- Біз қазір Ресейдің тауарын сатып алып, бұл елдің бизнесін қолдау арқылы Ресейдің украиналықтарды өлтіріп жатқан әрекетін де қолдап отырмыз. Адам өлтіріп жатқан Ресеймен қарым-қатынасты үзу керек. Соны айту үшін пикетке шықтым, - деді Тұрлыбек Азаттыққа.

Фотограф алаңда 20 минуттай тұрған, кейін оған полицейлер келіп, акциясын тоқтатуды және полиция бөлімшесіне баруды сұраған.

"Қазақстан азаматы ретінде қазіргі жағдайға қатысты ойымды айтуға құқылымын" деді Тұрлыбек полицейлерге.

Ал полицейдің бірі "мұныңыз түсінікті, бірақ әкімдік ресми рұқсат бермеді. Бізбен жүруіңізді сұраймыз. Сіз алдымен әкімдікке қайырылып, рұқсат алуыңыз керек, ал қазіргі әрекетіңіз заңсыз" деді фотографқа.

Тұрлыбектің Азаттыққа айтуынша, полиция бөлімшеде одан түсініктеме алып, "әңгіме" жүргізіп, кейін босатқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG