Accessibility links

Елена Рыбакина Wimbledon турнирінің үшінші кезеңіне өтті


Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина.

Әлемдік рейтингіде 3-орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакина француз спортшысы Ализе Корнені жеңіп, Wimbledon жарысының үшінші айналымына өтті. Корне мен Рыбакина арасындағы сайыс бір сағат 47 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингіде 74-орындағы бәсекелесін 6:2, 7:6(2) есебімен жеңді.

Ойын кезінде абайсызда аяғы тайып жығылған Корне көзіне жас алды. Дәрігерлер көмек көрсеткеннен кейін ойынды жалғастырды. Екі теннисші өзара үш рет ойын өткізген, Ализе бірде-бір рет жеңіске жете алмады.

Елена Рыбакина үшінші раундта әлемдік рейтингіде 89-орында тұрған британ спортшысы Кэйти Бултермен кездеседі.

24 жастағы Елана Рыбакина былтыр тамызда Лондонда өткен Wimbledon турнирінде жеңімпаз атанған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG