Accessibility links

Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр. Жалын 50 гектарды шарпыған


Қамыс өрті. Бейтарап сурет.
Қамыс өрті. Бейтарап сурет.

Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр. Төтенше жағдай министрілігінің мәліметінше, облыстағы қамыс өртінің аумағы 50 гектарға жеткен.

"Өртті Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті мен "Ақ жайық" мемлекеттік табиғи резерватының өрт сөндірушілері сөндіріп жатыр. Өрт сөндіруге 70 қызметкер, 17 техника және МИ-8 ұшағы тартылған. Өртенген аумақтың батпақ болуы жұмысты қиындатып жатыр" деді министрлік.

Атырау облысының Каспий теңізінің маңында қамыс өртеніп жатқаны кеше, 7 шілдеде айтылған. Атырау төтенше жағдай департаменті елдімекендерге қауіп жоқ деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG