Accessibility links

Байден: Украинаны НАТО-ға қабылдауға ерте


АҚШ президенті Джо Байден
АҚШ президенті Джо Байден

АҚШ президенті Джо Байден НАТО мүшелігіне алуға Украина әзірге дайын емес деді. Оның сөзінше, альянс Украинаны НАТО-ға қабылдау мәселесін тек соғыс аяқталған соң ғана қарастыруы мүмкін. Байден мұны CNN телеарнасына берген сұқбатында айтқан.

Байденнің сұқбаты оның Еуропа елдеріне сапары қарсаңында жарияланған. Байден бұл сапарда Ұлыбританияға барады және Вильнюсте өтетін НАТО саммитіне қатысады.

"Соғыс жүріп жатқан кезде Украинаны НАТО-ға қабылдау туралы ортақ ой-пікір болады деп ойламаймын",- дейді Байден. Оның сөзінше, АҚШ пен НАТО бойынша одақтастары Киевке қару-жарақ беруді жалғастыра береді.

Байденнің айтуынша, Украина НАТО-ға қазір қабылданар болса, онда НАТО Ресеймен ашықтан ашық қарсы тұратын болады. "Біз НАТО жерінің әрбір дюймін қорғауға әзірміз. Ешнәрсеге қарамастан бұл міндетті мойнымызға алғанбыз. Менің ойымша, Украинаның НАТО мүше болуына апаратын тиімді жол салуымыз"- дейді Байден.

Польшаға барып, Анджей Дудамен кездескен Украина президенті Владимир Зеленский Twitter парақшасына "НАТО саммиті қарсаңында қысқа, бірақ нақты мәселелерді талқыладық" деп жазды. Зеленскийдің сөзінше, Дуда екеуі "Украина тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін бірге әрекет етуге" келіскен.

НАТО елдері басшыларының самммиті 11-12 шілдеді Литва астанасында өтеді. 7 шілдеде Зеленский НАТО мүшелігіне алу туралы Украина өтініші бойынша НАТО елдері басшыларынан нақты қадам күтетінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG