Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров "Ресей билігі "Вагнер қатарында соғысып жүрген қазақстандықтар туралы ақпарат бермейді" деп мәлімдеді.
"Ресей билігі кімнің қайда екенін білмейтінін айтады, өйткені "Вагнер" — жеке компания, сондықтан олар ақпарат бере алмайды. Біз кімнен сұрайтынымызды білмейміз. Біздің барлық ресми сұрауымыз құқық қорғау органдарына немесе Ресейдің сыртқы істер министрлігіне барады, кейін оның тиісті адамы болмайды, себебі сұрайтын адам жоқ" деді Смадияров.
СІМ өкілінің айтуынша, әдетте Қазақстан Мәскеуден "Вагнер" қатарындағы Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы ақпаратты сұрайды.
"Олар тексереміз дейді, бірақ өздері оны қалай тексеруді және қалай тексеретінін білмейді" дейді Смадияров.
Биыл сәуірде Томск мемлекеттік университетінде оқитын қазақстандық студент Марғұлан Бекенов ресейлік "Вагнер" жеке әскерінің қатарында Украинадағы соғысқа аттанған айтылған. Бекеновтің анасы ұлымды "Вагнер" тобы алдап соғысқа әкетті деген, ал Бекеновтің өзі "Вагнерге" өз қалауымен қосылғанын жеткізген. Қазір Бекеновтің қайда екені белгісіз.
23-24 маусымда "Вагнердің" жетекшісі Евгений Пригожин әскери бұлік бастап, Мәскеуге бармақ болған. Кейін ол бүлігін тоқтатқан. Бүліктен соң 27 маусымда Владимир Путин "Вагнер" жалдамалыларына бюджеттен ақша берілгенін айтқан. Оның сөзінше, 2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың мамырына дейінгі аралықта "Вагнерге" 86 миллиард рубль бөлінген.
ПІКІРЛЕР