Accessibility links

Үкімет Маңғыстау облысындағы ауыз су тапшылығын жою үшін 5,6 млрд теңге бөлетінін хабарлады


Суға келіп тұрған Маңғыстау тұрғыны. Көрнекі сурет
Суға келіп тұрған Маңғыстау тұрғыны. Көрнекі сурет

Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысындағы ауыз су тапшылығы мәселесін шешу үшін резервтен 5,6 миллиард теңге бөлу жөнінде шешім қабылдаған. Бұл ақпаратты Ақорданың телеграм-арнасы таратты.

"Бүгінде облыста су тапшылығы басты мәселенің бірі болып отыр. Тәулігіне 77 200 текшеметр су жетіспей, жазда айрықша білініп отыр" дейді ақпаратта.

Ақорда баспасөз қызметінің жазуына қарағанда, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындары су тапшылығы жөнінде шағымданған. Ақорданың айтуынша, су тұщытатын "Каспий" зауытының сорғыш станциясы істен шығып, жөнделіп жатқанына байланысты тәулігіне берілетін 13 мың текше метр ауыз су 10 мыңға түскен.

"Каспий" су тұщыту зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізу жөніндегі жоба жүзеге асырылса, Мұнайлы ауданының ауылдары мен Қарақия ауданы Құрық ауылы тұрғындарын сумен үздіксіз қамтамасыз етуге және су тапшылығын жоюға мүмкіндік береді" дейді Ақорданың баспасөз қызметі.

Кейінгі жылдары Қазақстанда су тапшылығы көбейе түскен. Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласы ауыз суды Каспий теңізінің суын тұщыту арқылы алады, ал облыстағы өзге де аудан орталықтары мен қалаларда су тапшылығы жиі байқалады.

Каспий теңізінің шегінуіне байланысты маусымда Маңғыстау облысының әкімдігі төтенше жағдай жариялаған. Алайда шенеуніктер сумен қамтамасыз етуде кідіріс жоқ деген, ал Ақтау қаласында ауыз судың ажырағанын инфрақұрылымнан көрген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG