Accessibility links

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем ісі: Сотқа Айкөркемнің әкесі қатыстырылмайды


4 жасар Айкөркемнің қазасы бойынша сот басталды. Әкесін сотқа кіргізбеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

4 жасар Айкөркемнің қазасы бойынша сот басталды. Әкесін сотқа кіргізбеді

13 шілдеде Алматы гарнизоны әскери сотында Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркем ісіне байланысты "билік өкілетін асыра пайдалану" (451-бөлім, 2-бөлім) бойынша айыпталған А.И.Жұманның үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Айкөркемнің әкесін, БАҚ өкілдерін сотқа кіргізбеген. Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханның сөзінше, сотқа баласы кірген.

- Ұлым әскери қызметкер, сондықтан рұқсат қағазы бар. Бірақ ол да жәбірленуші. Мен балаларымның заңды өкілімін, алайда мені сотқа кіргізбеді. Бір жарым жылда іспен де таныстырмады,- дейді Айдос Мелдехан.

Айкөркемді атты делінген бір күдікті анықталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:19 0:00

Сот қызметкері Рүстем Мұхтаровтың айтуынша, іс материалдары мемлекеттік құпия болғандықтан процесс жабық өтеді. Сот залына жәбірленуші тараптың адвокаты Жанғазы Күнсеркин мен Айкөркемнің ағасы Бауыржан Мелдехан кіргізілді.

Адвокат Жанғазы Күнсеркин істегі "құпия" деген графаны алып тастауды талап етіп, сотқа шағым түсірді. Судья соттың статусын өзгертпей, жабық жағдайда өткізуге қаулы шығарды.

Келесі сот отырысы 26 шілдеде өтеді. Ресми түрде жәбірленуші деп танылған Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханұлы мен әпкесі Жанель Мелдехан сотқа қатыспайды. Айдос Мелдеханұлы мұны "саяси тапсырыс" деп бағалады.

"Туған әкесін сотқа қатыстырмау — барып тұрған сорақылық. Бұл биліктің тапсырмасы екенін айтпаса да түсінікті. Қызымды билік атып тастады. Енді қылмыстарын жасыру үшін сотты әдейі жабық жағдайда өткізіп жатыр" деді ол журналистерге.

Бұған дейін жәбірленуші жақтың адвокаты "тергеу органдары сәбидің өліміне жауаптыларды жазадан құтқарғысы келеді" деп санайтынын айтқан. Балалар отырған көлікке оқ жаудырған адамдар бұл іске куәгер ретінде қатысқан.

Былтыр Қаңтарда елде жаппай наразылық пен тәртіпсіздік кезінде оқ ату туралы бұйрық берілгеннен кейін көп адам оққа ұшқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқ ату жөнінде бұйрық бергенін 2022 жылы 7 қаңтарда мәлімдеген. Биліктің "террористер шабуылы" туралы мәлімдемесіне дәлел келтірілген жоқ. Қаңтар кезінде Айдос Мелдеханның балалары отырған көлікке оқ жауған. Оқиға кезінде оның 16 жастағы қызы жараланып, 4 жасар Айкөркем қаза болды. 8 жасар ұлы психологиялық шок алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG