Украина Ресейдің елуден астам азаматын соғыс қылмыскері деп жариялап, сот үкімін шығарды. Бұл цифрды Украинаның бас прокуроры Андрей Костин эфирде айтты. Мұнан өзге, тағы да 219 адам тергеліп, ісі сотқа жіберілген.
Костиннің айтуына қарағанда, Ресейдің 368 әскери қызметкері "күдікті" ретінде іске тартылған. Костиннің сөзінше, Украина соғыс кезінде қылмысты құжаттап қана қоймай, тергеп, сотқа берумен де айналысып отыр.
"Үкімнің көбі сырттай шықты, бірақ зардап шеккендер агрессордың кінәсі дәлелденгенін білуге тиіс" дейді бас прокурор.
Бас прокуратура ақпаратына қарағанда, биыл 15 шілдеге дейін Украина 95 мыңнан астам соғыс қылмысын құжаттаған.
Ресей билігі "Украинада бейбіт халыққа қарсы қылмыс жасады" деген айыпты мойындаған емес.
ПІКІРЛЕР