Accessibility links

Иранның белгілі әртісі хиджаб кимегені үшін екі жылға сотталған


Әфсәне Бәйеган
Әфсәне Бәйеган

Иран соты хиджаб кимегені үшін актриса Әфсәне Бәйеганды екі жыл түрмеге қамау туралы шешім шығарған. 61 жастағы актриса кино көрсетілімге хиджаб кимей шләпімен барған, онысын әлеуметтік желіге шығарған.

Сот жазаны өтеу мерзімін бес жыл кейінге қалдырған. Екі жыл интернет қарауға тыйым салынған. Мінез-құлқын түзеу үшін аптасына бір рет психологқа баруды міндеттеген.

Әфсәне Бәйеган - 1960-1970 жылдардағы Иран киносының жарық жұлдыздарының бірі. Иранда ислам төңкерісі болғанға дейін, 1976 жылы "Иран сұлуы" байқауына қатысқан.

Иранның қазіргі заңы бойынша әйелдер шашы мен мойнын көрсетпеуге тиіс. Бұл заңның орындалуын әдеп полициясы бақлайды, одан өзге көшедегі видеокамералар арқылы көріп отырады.

22 жастағы Махса Әмини өлтірілген соң, 2022 жылы қыркүйекте Иранда жаппай наразылық басталып, әдеп полициясының жұмысы тоқтатылған. Махса Әминиді әдеп полициясы хиджабын дұрыс кимеген деп ұстап, соққыға жыққан еді. Жаппай наразылықды Иран билігі қатыгездікпен жаншыған. 500-ден астам адам өліп, ондаған мың адам қамауға алынған. Бірнеше адам дарға асылған.

Таяуда Иран билігі әдеп полициясын қайтадан іске қосатынын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG